КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Жобалау бюросы 2006 жылы Алматы қаласында құрылды. Компания мемлекеттік лицензияның 1 дәрежесін иелене отырып, азаматтық және өндірістік объектерді сәулет және құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді ұсынады. Біз 12 жыл ішінде 200-ден астам жобаны еліміздің 12 қаласында жүзеге асырдық.

Қызметкерлер штаты жоғары білікті, аттестациядан өткен мамандардан құралған және жобалаудың барлық бөлімдерін қамтиды. LHK тобында Қазақстанда және шетелде білім алған харизмалық тұлғалар еңбек етеді. Олардың әр қайсысында шығармашылық даму жолында үлкен потенциал бар. Компанияда өз ойын бос және креативті түрде шығара алатын іскерлік және шығармашылық энергияны бағалайды.

Компанияның бизнес кейсінде жүздеген түрлі жобалар бар, олардың барлығы Азаматтық және Өндірістік топтағы жобалар: Қоғамдық ғимараттар, Сауда және Бизнес орталықтар, Тұрғын үй кешендері мен Қонақ үйлер, Мектептер, Медициналық орталықтар, Зауыттар және инфроқұрылымдық объекттер және т.б.

КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

Алмас Бегалиевич Жуманов, 17 ақпанда, 1983 жылы Алматы қаласында қазақ отбасында дүниеге келген. Алмас отбасында екінші және ортаншы бала болып табылады.

1989 – 1999 жылдар аралығында Алмас Жуманов М.Әуезов атындағы №128 орта қазақ мектебінде білім алды.
1999 жылы Қазақ АгроТехникалық Университетінің Туризм факультетіне қабылдау емтихандарын тапсырып, кенеттен, оқу жылы басында емтихандарын қайта тапсырып, Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясына (КазГАСА), ол кездегі Алматылық Сәулет- Құрылыс Институтының Сәулет факультетіне оқуға түседі.

Өзінің жақсы үлгерімінің арқасында және әрдайым жаңашылдыққа ұмтылысы арқасында Академия атынан әр түрлі Халықаралық мастер-класстарға және оқу бағдарламасына қатысады, содан өзінің кәсіптік мансабын оқудың 3 курсынан жиһаз дизайнері ретінде бастайды. Кейін кәсіптік ізденістер оны әр түрлі сәулеттік шеберханаларға алып келеді. 5 курста, оқудың соңғы жылында оқып жүрген кезде ол кішігірім компанияның Бас Сәулетшісі атанып, басқарушылық саладағы алғашқы тәжірибесін алады.

2006 жылы Сәулетші дипломын алғаннан екі жыл өткен соң әріптесімен және курстасымен қосылып «Сәулет Өнер» атты компаниясын ашады.


АЛМАС ЖУМАНОВ
НЕГІЗІН САЛУШЫ/СӘУЛЕТШІ

LIGHTHouse Kazakhstan

Компания тарихы 2008 жылы халықаралық қатынастар мен серіктестермен жұмыс басталғанда жаңа кезеңге өтті. Сол жылы компанияның атын «LIGHTHouse Kazakhstan» деп өзгертіп «Жоба адаптациясы» қызметін енгізеді және үлкен жобаларда қатысады, солардың бірі: «Esentai Mall», «Ritz-Carlton», «Haileybury Astana» және т.б.

2010 жылдан бастап Компания өзінің қызмет көрсету көлемін кеңейтіп құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензия алады. Осы уақыт аралылығында біз компаниямыздың «атын» шығардық және компания жұмысының 2 бағыттағы жүйесінің құрдық: жобалау және девелопмент. Сәулеттік жобалау мен дизайнда үлкен тәжірибе жинадық.

2016 жылдан бастап компания АҚШ нарқында белсенді жұмыс істе бастады, сол себепті Лос-Анджелес қаласында LIGHTHouse USA Corporation офисі ашылды, және бұл офиста жобалар инновациялық бағытта жүзеге асырылады.