Әрбір жоба өте маңызды әрi бірегей болып табылады жане өзіне үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бiз сiздерге  бiр ғана компаниямен серiктесу арқылы жобаның барлық үдерiстерiн үлкен жауапкершiлiкпен толық орындауға мүмкiндiк беретiн кең спектрлi қызметтерiмiздi ұсынамыз:

Концепт жобаны әзірлеу – объектінің бастапқы концепциясымен жұмыс. Бұл жұмыс жобаның құнын анықтаудағы, архитектуралық көрінісін, функционалды схемасын  алудағы  ең ұтымды амал.

  • аймақтық анализ;
  • әлемдік тәжірибеге анализ;
  • негізгі мәселелер мен талаптарды анықтау;
  • концептуалды шешімдерді әзірлеу;

Эскиз жобасын әзірлеу – Сiздiң өңiрдегi регламенттен өтуге және одан әрi проектiлеу жұмыстарын жалғастыруға рұқсат беретiн құжаттарды алуға бағытталған жоба.

  • Жобаны Қазақстан Республикасында қолданыстағы ережелер мен талаптарға сай әзірлеу;
  • көрнекі материалдарды әзiрлеу;
  • қалалық желілерге қосылуға қажет қуат есептеулерi;
  • сәйкес инстанциялардағы келiсiмдер;

Жұмыс жобасын әзірлеу (соңғы және максималды нақтыланған көлемдi-жоспарлы шешiм, сонымен қоса ол мердiгерлермен салынатын құрылыс территориясына қажет құжаттар жиынтығы болып табылады. Бұл Жұмыс жобасы – жоба айсбергісінің шыңы, жоба мiндетi – архитектуралық кешеннiң композициялық шешімдерін, ғимараттардың түрін, құрылыстар кезегін анықтау, инженерелік қамтамасыздандыру және көліктік қызмет көрсету. Құрылыс аймағының жұмыс барысына дайындығын, аймақтың инженерелік дайындығын және құрылыс құнын анықтау. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыс жобасы дегеніміз – бұл Сіздің қағаз бетінде орындалған, конструктивті және заңды тұрғыдан толығымен құрылысқа дайын арманыңыз):

  • техникалық тапсырмаларды, қабылданған шешімдер карточкаларын, жұмыс графигін құру;
  • жобалау үрдісін үйлестіру;
  • қалалық қызметтермен әрекеттестiк;
  • Жұмыс жобасын Қазақстан Республикасында қолданыстағы ережелер мен талаптарға сай әзірлеу;
  • техникалық шешімдерді сәйкес қалалық инстанциялармен келістіру;
  • Әзірленген жоба бойынша экспертизадан оң қорытынды алу.

Дизайн жобасы ( ғимараттың әрлеу жұмыстарына арналған, барлық интерьер шешімдері көрсетілген жоба):

  • дизайн жобасын әзірлеу;
  • әрлеу материалдары мен фурнитура таңдап алу;
  • өндірушілермен және оны жеткізушілермен әрекеттестiк;

Жоба адаптациясы (жоба шетелдiк компаниямен проектiленсе, жобаның Қазақстан Республикасында қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн адаптациялық жұмыстарын қамту қажет):

  • жобалау үрдісін үйлестіру;
  • қалалық қызметтермен әрекеттесу;
  • Негiзгi шешiмдердiң Қазақстан Республикасында қолданыстағы ережелер мен талаптарға  сәйкес келуi жөнiнде шетелдік жобалаушылармен консультация;
  • жоба құжатының техникалық аудармасы;
  •  жоба авторының мүддесін сәйкес инстанцияларда ұсынылуы;
  • Қазақстан Республикасында қолданыстағы ережелер мен талаптарға сай жобалауды қайта рәсімдеу;
  • жобаның спецификалық бөлімдерін орындау;

Авторлық қадағалау. 

  • Қадағалау –жоба бөлімдерін нақтылау үшiн объектiге барып тұруды, Сiзде немесе құрылыс мердiгерiнде жоба бойынша туындайтын техникалық сұрақтарды шешудi қамтиды.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын, сапасын бақылау және оның жобаға сай болуын қадағалау.

Құрылысты ұйымдастыру:

  • құрылыс жұмыстарының координациясы;
  • құрылысты ұйымдастыру жобасын құру, жұмыс жүргізу кестесін құру.
  • тендер негізінде құрылыс компанияларын іріктеу;
  • Тапсырыс беруші мүддесінiң қалалық инстанцияларда ұсынылуы;
  • құрылыстағы және қажетті нормалар мен міндеттерді орындаудағы техникалық қадағалау;
  • Атқарылушы жұмыстар сапасын, орындалу мерзімдерiн, ресурстарды тиімді пайдалануын бақылау;

Жобаның заңдастырылуы:

  • Тапсырыс берушінің атынан қалалық қызметтермен әрекеттесу;
  • Жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау үшін бастапқы рұқсат беруші құжаттарды алу;
  • Объектті пайдалануға беру.