“LIGHTHouse Kazakhstan” компаниясы 2006 жылы Алматы қаласында құрылды. Компания мемлекеттік лицензияның 2 санатын иелене отырып, азаматтық және өндірістік объектілері бойынша архитектура және құрылыс жобасын әзірлеуді ұсынады. 9 жыл ішінде компания 100-ден астам жобаны елдіміздің 6 ірі қалаларында  жүзеге асырды. Қазіргі уақытта компанияда 40 маман Алматы, Астана және Қарағанды қалаларының кеңселерінде жұмыс істеуде. Бұлар Астана, Алматы және басқа да еліміздің қалаларына жоба әзірлейтін архитекторлар, конструкторлар, инженерлер және менеджерлер. Объектінің тұрақтылығын және құрылыстың шығындары мен мерзімін азайту мақсатында жобаны әзірлеуде объекттерді 3 өлшемді жобалау (BIM) енгізілген техникалық шешімдер қолданылады. Компания АҚ «Capital Partners», КТ «Верный капитал», АҚ «Форте банк», АҚ «BI Group», ЖШС «Ata Stroy» сияқты ірі инвестициялық, девелоперлік, коммерциялық және құрылыс компанияларымен қызмет етуде. Сонымен қатар шетелдік белгілі архитектуралық және инженерлік компаниялармен қызмет етуде, олар: Skidmore Owings & Merrill LLP (АҚШ), MOB Architects (Оңтүстік Корея) и Dizayn Grup (Түркия), Saraiva+associados (Португалия), Enka (Түркия), BM Studio (Италия), STI Engineering (Италия), MP Architects (Италия), FTE (Испания), Intercon (Испания) және т.б.  Қазіргі таңда компания бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында итальяндық BIM Studio компаниясымен өзара түсіністік  туралы меморандумға және STI Engineering компаниясымен бірлескен кәсіпорын ашу жайында келісімге қол қойды.

Қазақша1